Шығанақтың гидронимі төңірегіндегі терминологиялық дау: шиеленістің шешімін табудың халықаралық тәжірибесі


Қаралымдар: 41 / PDF жүктеулері: 28

Авторлар

  • Б.К. Макангали

Кілт сөздер:

Шығанақ, Парсы шығанағы, Араб шығанағы, терминологиялық пікірталас.

Аңдатпа

Мақалада Шығанаққа байланысты терминологиялық диспут жан-жақты талқыланып
отыр. Ирандықтар оны Парсы, арабтар өз кезегінде Араб шығанағы деп атап жүр. Екі жақ арасындағы пікірталас басталғалы көп уақыт өткен емес, бірақ оған қарамастан пікірталас өте үлкен деңгейге жетуге үлгерді. Сонымен қатар, ирандықтар да, арабтар да өз позициясын тарихи деректермен қорғауға тырысып отыр. Ирандықтар шығанақты «Парсы» деп аталынуын тарихи заңдылық деп айтса, арабтар бұл тарихи қате деп дәлелдеуге күш жұмсауда. Тіпті арабтардың айтуынша әртүрлі тарихи кезеңдерде Шығанақтың атауы өзгеріп отырды. Мысалы, көне заманда Төменгі теңіз, ал орта ғасырларда Катиф теңізі деп айтылып жүрді. Сондықтан, арабтардың «Парсы шығанақ» деген атауы ол тек белгілі бір тарихи кезеңге байланысты атау деп есептеуде. Гидроним төңірегіндегі осы терминологиялық дауды зерттей отырып, біз өзімізге бұл даудың түп-тамыры неде, оның шешімі бар ма, оның келешегі қандай болмақ деген сауалдар қойдық. Айта кетерлігі, соңғы кездері дау өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап Иран мен көршілес араб елдері арасындағы қақтығыстар шиеленісе бергеннен кейін күшейе түсті. Сондықтан бұл терминологиялық даудың негізінен аймақтағы геосаяси ойындардан туындаған саяси аспектілері бар екені ешкімге құпия емес. Сонымен қатар, бұл тақырыпқа белсенді оралу қарым-қатынастардың шиеленісуі кезінде орын алады.
Тараптардың әрқайсысы үшін бұл мәселе дау-дамайдан да асып, ұлттық мүддеге, тіпті жеке басының мәселесіне айналды. Дүниежүзілік қоғамдастық бұл жағдайдан шығудың жолын іздеп, «Шығанақ» терминін бір жаққа байлап қоймай, көбірек қолданып, насихаттай бастады. Бірақ бұл тәсіл Иран жағына
да, араб жағына да толық сәйкес келмейді. Сондықтан бұл гидроним екі жақтың антагонизмі айналғанын айту керек. Олардың текетіресінің өсуі болашақта қолайлы консенсус табу мүмкіндігін қиындатады,
өйткені тараптардың әрқайсысы кез келген жеңілдікті стратегиялық шығын ретінде қарастырады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Макангали, Б. . (2022). Шығанақтың гидронимі төңірегіндегі терминологиялық дау: шиеленістің шешімін табудың халықаралық тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 138(1), 167–175. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/449

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану