Ирандағы әйелдердің қоғамдық қозғалыстары және феминизмнің жіктелуі
Қаралымдар: 47 / PDF жүктеулері: 24
Кілт сөздер:
әйелдердің қоғамдық қозғалыстары, феминизм, патриархат, гендерлік теңдік, гендерлік теңсіздік, Иран.Аңдатпа
Мақала Иран Ислам Республикасындағы әйелдер қоғамдық қозғалыстарының дамуын талдауға арналған. Әйелдер қозғалысы туралы айтқанда, біз әрқайсысының өзіндік көрінісі бар бірнеше ұқсастық жайлы айтамыз. Сонымен қатар, өздерін әйелдер қозғалысының мүшелері деп санайтын және әртүрлі феминистік көзқарастарды ұстанатын барлық әйелдер, тіпті ер адамдар да көптеген басқа ұқсастықтарға ие. Ирандық әйелдер қозғалысы бұл қағидадан тыс қалмайды және Қаджарлар әулетінен (1725-1996) бері қалыптасып келеді. Пехлеви дәуірінде (1925-1978) әйелдер қозғалысы мемлекеттік көзқарас аясында дамыса, Ирандағы Ислам революциясынан кейін Иран Ислам Республикасы кезінде (1978 жылдан қазіргі уақытқа дейін) «зайырлы феминизм» исламдық болмыс пен «исламдық феминизммен» қатар дамыды. Иран қоғамы дәстүрлі түрде еркектік (патриархалдық) қоғам болып, діннің ықпалымен патриархат қатты нығайды. Сондықтан Ирандағы әйелдердің қоғамдық қозғалысы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары, ең алдымен білім алу және сайлау құқығы үшін қозғалыс ретінде пайда болды. Әйелдер қозғалысының дамуының екінші кезеңі де әйелдердің құқықтары мен әйелдердің эмансипациясына назар аударады және ажырасу құқығы және хиджабты (шадра) күштеп киюге қарсылық көрсету, сондай-ақ еркін адам ретіндегі әйелдің ар-намысына қатысты басқа да мәселелерді өзекті етеді. Сонымен қатар, Ирандағы әйелдердің қоғамдық қозғалыстарының дамуының айрықша ерекшелігі Иран үкіметі түрлі кезеңдердегі феминистік күн тәртібіне қарсы шыққандықтан, бұл құбылыстың әлеуметтік өлшемімен
бірге саяси өлшемнің де пайда болуы болды.