Жапон бизнесі мен менеджментіндегі менталитеттің алатын рөлі
Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 22
Кілт сөздер:
діл, ұлттық мінез-құлық, жапондықтар, Жапония, мәдениет, мәдени құндылықтар, бизнес, менеджмент.Аңдатпа
Жапониядағы бизнес пен менеджментке әсер беретін жапондықтардың ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктері бар. Бұл мақаланың мақсаты ұлттық мінез-құлықтың осы ерекшеліктерінің бизнес-орта мен бизнесті басқаруға ықпалын зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор жапон менеджментінің тарихи тамырларын, жапондықтардың ұлттық мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерін және олардың қалыптасу факторларын қарастырды. Жапондық ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерін үш топқа бөлуге болады: жалпы этникалық ерекшеліктер, топтық мінез-құлық ерекшеліктері, күнделікті тіршілік қасиеттері. Сонымен қатар, автор бизнес-мәдениет сияқты тұжырымдаманың мәнін ашып, іскерлік қарым-қатынастың, тікелей жанжалдар мен келіспеушіліктерді болдырмаудың және келісімшарттың маңыздылығы сияқты жапон бизнесінің негізгі сипаттамаларын атап өтті. Талдау нәтижесінде Жапонияда жапон менталитеті мен бизнес-мәдениеттің арасындағы байланыс анықталды.