Cу қауіпсіздігі мен су ресурстары мәселесіндегі халықаралық және қазақстандық тәжірибе: институционалдық және нормативті-құқықтық аспектілер
Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 15
Кілт сөздер:
су қауіпсіздігі, су ресурстары, су факторы.Аңдатпа
Cу қауіпсіздігіне байланыстыБҰҰ-ның көзқарастары жүйеленеді, аталған тақырыпта негізгі баяндамалар мен жарияланымдар, еңбектерге талдау жасалған. Су ресурстарын реттеу мәселелеріне қатысты шетел (Кения, Сауд Арабиясы, Иордания, Эквадор, Израиль, Түркия және т.б) тәжірибесі жинақталған. Қазақстандық тәжірибе нормативті-құқықтық базаның, су ресурстары саласында өкілетті мемлекеттік органдардың болуымен және су ресурстары қауіпсіздігі мәселесін жасыл экономика мен сыртқы саясат тұжырымдарына көшуді байланыстыруымен ерекшеленеді. Сонымен бірге, су қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жасау мәселелесі де алға қойылған. Қазіргі кезеңде еріген қар суларының көбеюіне байланысты жиі болатын су тасқындарының арқасында жаңа сын-тегеуріндер пайда болды. Сондықтан да, мемлекеттік бағдарламалар мен заңнаманы, институттарды кемелдендіретін кешенді іс шаралар қажет.