Ресей Федерациясының Қытай Халық Республикасына бағытталған энергетикалық саясатының келешек сценарийлері және болжамдары


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

  • К.С Ыдырыс

Кілт сөздер:

Энергетикалық саясат, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, энергетикалық стратегия, геосаясат.

Аңдатпа

Осы мақалада, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы энергетика саласындағы қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы қарастырылған. Сонымен қатар, осы мақалада
Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасында энергетика мәселелері тұрғысынан орын алуы мүмкін саяси және экономикалық бақталастық пен ынтымақтастық салаларын анықтау арқылы болашаққа
қатысты болжамдар жасалған. Мақалада жақында тараптар энергетика саласында бірқатар ауқымды және
ұзақ мерзімді келісімдерге қол жеткізгенін атап өтілген. Бұл Ресей мен Қытай арасындағы энергетикалық
ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейге шығуы және стратегиялық сипатқа ие болғанын айтуға мүмкіндік
береді. Мақаланың мақсаты Ресейдің энергетика саласының қай бағытта және қалай дамитынын көрсетуден
гөрі бүгінгі әлемдік жүйедегі Ресейдің Қытайға бағытталған энергетикалық саясатының бағытын ішкі және
сыртқы факторлардың аясында дұрыс айқындау болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ыдырыс, К. (2018). Ресей Федерациясының Қытай Халық Республикасына бағытталған энергетикалық саясатының келешек сценарийлері және болжамдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 122(1), 31–38. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/324

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар