«Шығыс серіктестігі» жобасы: қазіргі кезеңдегі проблемалары мен даму перспективалары


Қаралымдар: 146 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

  • Мадярбекова А.Б.
  • Қилыбаева П.К.

Кілт сөздер:

Шығыс серіктестігі, Еуропалық Одақ, Ресей, ТМД елдері, посткеңестік кеңістік, интеграция, саммит, жоба, бағдарлама, еуропалық көршілік саясаты.

Аңдатпа

Посткеңестік кеңістік елдерімен интеграциялық байланыстарды дамыту
үшін Еуропалық Одақтың бастамасы бойынша құрылған Шығыс әріптестігін
дамыту мәселелері қаралды. Мақалада ресми мемлекеттік құжаттар мен
сараптамалық бағалаулар негізінде Еуропалық көршілік саясатының шығыс өлшемі –
Шығыс серіктестігі (ШС) талданады. ШС негізінен әлеуметтік-экономикалық
ынтымақтастықты білдіреді. Бұл бастамаға ЕО – ға мүше елдер және алты
шығыс еуропалық серіктес елдер-Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Молдова
және Украина қатысады. Шығыс серіктестігі посткеңестік кеңістік елдерінің
ЕО-мен бірлестік туралы келісімдер жасасуына бағытталған. Ынтымақтастық
бағдарламасында Шығыс Еуропа және Закавказье мемлекеттері қамтылды.
Шығыс серіктестігі аясындағы ынтымақтастық экономикалық даму, басқару
институттарын нығайту; энергетика саласындағы байланыстарды дамыту, адамдар
арасындағы байланыстарды кеңейту сияқты басым бағыттарға бағытталған.
Серіктес елдермен қарым-қатынаста ЕО әрбір жеке елге сараланған көзқарас саясаты
тұрғысынан қарайды. ШС-нің негізгі міндеттері-Шығыс Еуропа мен Оңтүстік
Кавказ мемлекеттерінің Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын жақындастыру
және тереңдету, ЕО мен ШС мемлекеттері арасында да, ШС мемлекеттерінің
арасында да саяси қауымдастық пен экономикалық интеграцияны одан әрі ілгерілету
үшін жағдай жасау. Мақала «Шығыс серіктестігін» дамытудың қазіргі кезеңін және
осы мемлекеттердің бағдарламаға қатысуының негізгі нәтижелері талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

01.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А.Б., М., & П.К. , Қ. (2023). «Шығыс серіктестігі» жобасы: қазіргі кезеңдегі проблемалары мен даму перспективалары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 102–111. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/142

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану