Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саясаты: тиімділік пен цифрлық егемендік құралы ретінде (әлемдік тәжірибе және Қазақстан)


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

цифрлық мемлекет, мемлекеттік қызметтер, цифрландыру, цифрлық егемендік, электрондық үкімет, GovTech, деректерді басқару

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саясаты мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру құралы және цифрлық егемендікті қамтамасыз ету механизмі ретінде қарастырылады. Зерттеу халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау және Қазақстан Республикасының кейс-зерттеуі негізінде жүргізілді. Талдауға Эстония, Сингапур, Корея Республикасы және Еуропалық Одақ елдерінің цифрлық мемлекет модельдері енгізілді. Зерттеу цифрландырудың басқарушылық әсерлерін кешенді түрде қарастырады, оның ішінде транзакциялық шығындарды төмендету, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әкімшілік процестердің ашықтығын күшейту және азаматтарға бағдарланған басқаруды қалыптастыру, т.с.с. Сонымен қатар цифрландырудың цифрлық егемендікке әсері талданады, атап айтқанда деректерді басқару жүйелері, цифрлық сәйкестендіру институттары және цифрлық инфрақұрылымның кибертөзімділігі. Зерттеу нәтижелері цифрландыру тиімділігі цифрлық мемлекеттің институционалдық архитектурасына тәуелді екенін көрсетеді. Жүргізілген зерттеу аясында цифрландыруды басқарушылық және егемендік тәсілдерін біріктіретін екі контурлы модель ұсынылады.

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ускембаева , А. ., Габдулина B. ., & Пұсырманов N. . (2026). Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саясаты: тиімділік пен цифрлық егемендік құралы ретінде (әлемдік тәжірибе және Қазақстан). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/1179

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар