Тарих деректері: қазақ жеріне депортацияланған түркі халықтары


Қаралымдар: 25 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • М. Жолдасбеков

Кілт сөздер:

депортация (қоныс аудару), тарихи деректер, түркі халықтары, қарашай, балқар, қырым татарлары.

Аңдатпа

Мақалада тарих бетіндегі ресми құжаттарға сүйене отырып, ХХ ғасырдың басында
басталған, дәлірек айтсақ, Ұлы Отан соғысына дейін қазақ жеріне жаппай қоныс аудару саясаты
мен Ұлы Отан соғысынан кейінгі депортация салдары туралы жазылады. Қазақстан жеріне
депортацияланған түркі халықтарының жай-күйі туралы баяндалады. Әсіресе, жаппай көшіру
науқанының құрбаны болған қарашай, балқар, қырым татарларының саны мен қоныстану мекені
тарихи деректер негізінде толық айтылады. Бұл түркі халықтарының қазақ жеріндегі бүгінгі өмір
салты мен тіршілігі, елдегі демографиялық жағдайы және мемлекетттік демографиялық жағдайға
әсері баяндалады. Сонымен қатар, осы халықтардың жаппай жер аударуының нақты (тарихи, саяси,
әлеуметтік т.б.) себептері көрсетіліп, Қазақстанға жер аударған бауырлас түркі халықтарының
тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің сақталуына негіз болған қазақ халқының бойындағы
қонақжайлылығы мен кеңпейілділігі туралы айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.09.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жолдасбеков, М. . (2019). Тарих деректері: қазақ жеріне депортацияланған түркі халықтары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 128(3), 116–124. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/611

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану