Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы «араб көктемін» концептуалды талдау
Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 22
Кілт сөздер:
«Араб көктемі», «түрлі-түсті» революция, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, халықаралық қатынастар, мұсылмандық фундаменталистік күштер.Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріндегі «араб
көктемі» құбылысына салыстырмалы түрде концептуалды талдау жасалынады. Араб әлеміндегі
болған жағдайға қатысты зерттеулер бірнеше көзқарастарға топталады. Әр көзқарастардың өзіндік
дәлелдемелері мен түсініктері бар. Осы барлық көзқарастарды зерттей отыра біз автохонды
және жүйелі дағдарыс теориясын ұстанамыз, себебі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы
көтерілістердің (революцияның, азаматтық соғыстың, бұқаралық наразылықтың) себептеріне
кешенді түрде елдегі ішкі саяси, әлеуметтік, экономикалық қарама-қайшылық жатады деп
есептейміз. Барлық зерттеу материалдарын талдай отырып, «араб көктеміне» анықтама береміз.
Біздің ойымызша елдегі ішкі саяси жағдайға түп тамырымен өзгеруіне алып келген сыртқы
факторларды ескереміз.