Қай кезде экономикалық санкциялар тиімді болмақ?


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 17

Авторлар

  • O. M. Абдраманов
  • A. Бекмурат
  • А. M. Есдаулетова

Кілт сөздер:

экономикалық санкциялар, смарт санкциялар, халықаралық институттар, АҚШ, біртарапты және көптарапты санкциялар.

Аңдатпа

Әртүрлі кезеңдерде өткен соғыстар мен басқа қақтығыстардың ақылға қонымсыз нәтижелері ХХ ғасырда орын алып, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзатын әлемдегі тажалды қауіп-қатерлердің алдын-алуды жүзеге асыратын тиімді механизм ойластырды. Осы мақсаттарда экономикалық санкцияларды енгізу халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең қатал және нәтижелі құрал түрі болып көрінді.
Осы уақытқа дейін экономикалық санкциялар әртүрлі режимдер мен эпизодтарға қарсы мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдар тарапынан біржақты тәртіпте және көп жақты тәртіпте қойыла бастады. Дегенмен, өткен тәжірибе көрсеткендей, экономикалық санкциялар әрдайым ықтимал қақтығыстарды болдырмауда және
қатыгез мемлекеттердің іс-әрекеттерін тоқтатуда тиімді болмады. Сонымен қатар, экономикалық санкциялардың тиімділігі халықаралық зерттеулердің негізінен талқыланды және әртүрлі ғылыми жұмыстар жүргізілді.
Бұл мақалада ғалымдар мен зерттеушілердің экономикалық санкцияларды қолдануға және санкцияларды қолданудың нақты және тиімді жолдарын анықтауға деген талпыныстары мен жұмыстарына талдау
жүргіземіз. Осы уақытқа дейін қойылған әртүрлі санкциялардың нәтижелері мен кемшіліктеріне талдау жасап, қай кезде, қандай мақсатпен қойылған санкциялар тиімді болмақ, соны қарастырамыз. Сонымен қоса,
жұмысымызды қортындылап, өзіміздің ұсыныстарымызды білдіреміз.

Жүктеулер

Жарияланды

17.09.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдраманов O. M. ., Бекмурат A. ., & Есдаулетова А. M. . (2019). Қай кезде экономикалық санкциялар тиімді болмақ?. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 128(3), 11–17. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/598

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар