Түркі халықтарының қаһармандық эпосындағы көмекші мифологиялық кейіпкерлердің түрленуі
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 32
Кілт сөздер:
миф, фольклор, мифтік мотивтер, қаһармандық эпостар, эпос қаһарманы, көмекші кейіпкерлер.Аңдатпа
Бұл мақалада түркілердің қаһармандық эпосындағы көмекші
мифологиялық кейіпкерлері қарастырылады. Түркі халықтарының қаһармандық
эпостарының негізгі кейіпкерімен бірге эпос сюжетінен орын алған көмекші
мифологиялық кейіпкерлердің бейнесі мен қызметі талданады. Қаһармандық эпостар
өзінің көл-көсір молдығымен де, көркемдік-эстетикалық қуат-тегеурінімен де, тарихи
деректілігімен де түркі халықтарының рухани болмысында ерекше орынға ие. Эпос
қаһарманының әрекет ету үлгісі белгілі ғалымдар пікірлеріне сүйене отырып
түсіндіріледі. Эпос қаһарманы белгілі бір дәрежеде алғашқы мифтік мәдени
қаһарманның немесе алғашқы бабаның ерлігін қайталайды деген тұжырымдар
жасалады. Сондай-ақ мақалада түркі халықтарының қаһармандық эпосындағы көмекші
мифологиялық кейіпкерлердің трансформациясы туралы ой қорытылады. Көмекші
кейіпкерлер әр қырынан қарастырылып, тұлпар бейнесі, батырдың әйелі немесе оған
ғашық болған қыз, Аруақ, Пір, Әулие, Пери, дию және т.б кейіпкерді қиындықтан
құтқаратын көмекші кейіпкерлер жан-жақты талданады. Эпостардағы миф
кейіпкерінің сипаты мен ерекшеліктері, басты кейіпкерге ілесіп жүретін көмекші
мифологиялық кейіпкерлердің бейнесі мен қызметі анықталып, оларға салыстырмалы
талдаулар жасалып, тиісті қорытындылар жасалады.