Демократиялық қоғам концепциясы: Латын Америкасы мысалында
Қаралымдар: 35 / PDF жүктеулері: 23
Кілт сөздер:
демократиялық қоғам; тұжырымдама; демократияның белгілері;, Латын Америкасы; cаяси партиялар; демократияландыру; адам құқықтары; қауымдастық; үкіметтік емес ұйымдар.Аңдатпа
Заманауи шындықта «демократия» термині әлем қоғамдастығының күн
тәртібінде ерекше талқыланып, дамушы елдердің саяси жүйесін зерттеу көптеген
саясаттанушылардың басты тақырыбына айналып отыр. Сонымен бірге, Латын Америкасында
болып жатқан трансформациялық үрдістер мен олардың тарихи алғышарттары зерттеушілерді
ерекше қызықтыруда. Осы ғылыми мақаланың мақсаты сыртқы және ішкі факторлардың
кешенді тәсілі арқылы Латын Америкасы аймағының әлеуметтік-саяси жүйесінің қазіргі
жағдайын зерттеу болып табылады. Сондай-ақ, мақалада Латын Америкасы аймағындағы
демократиялық қоғамның қазіргі жағдайы мен қалыптасуын зерттеуге кешенді көзқарас
қарастырылған. Жұмыстың теориялық маңыздылығы Латын Америкасының саяси жүйесін
зерттеу саласындағы көптеген ғылыми еңбектер тарихи оқиғалардың призмасы арқылы
аймақтағы демократияның қазіргі жағдайын қарастыратындығында. Алайда, сыртқы ықпал
(көрші елдер, интервент елдер), жергілікті халықтың менталитеті, сондай-ақ әлемде болып
жатқан оқиғалар сияқты факторларды да ескеру қажет. Жұмыстың практикалық маңыздылығы
зерттелетін аймақтың қазіргі «демократиялық қоғамының» белгілі бір алғышарттарын зерттеу
арқылы Латын Америкасының кейбір елдерінің тәжірибесін қолдану болып табылады.