Пандемиядан кейінгі кезеңдегі Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасының перспективалары (орталық азия елдері мысалында)


Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

  • К.У. Майгельдинов
  • Е.Л. Нечаева

Кілт сөздер:

Қытай, Орталық Азия, Белдеу және жол бастамасы, COVID-19 пандемиясы

Аңдатпа

Мақалада коронавирустың «Белдеу және жол» бастамасына әсер ету
факторлары және Орталық Азияның қатысушы елдері үшін экономикалық
салдары келтірілген. Зерттеу әдістері ретінде жүйелік, салыстырмалы және
сценарийлік әдістер таңдалды. Коронавирустық індет және экономикалық дағдарыс
Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасына әсер етуде. Оларда мүлдем жаңа
өзгерістер пайда болмаса да, қазіргі тенденциялар күрт жеделдейді. Мұндай
жағдайда Орталық Азия елдерінің экономикасы мен технологиялық дамуы
Қытайға көбірек тәуелді болады. Бұл ынтымақтастықтың басқа салаларына да әсер
етеді. Мақалада экономикалық дәліздерді одан әрі дамытудағы проблемалық
мәселелер, сондай-ақ пандемияның оң және теріс салдары, инфрақұрылымдық
жобалардың қарқыны мен ауқымын қайта қарау себептері көрсетілген. Аталған
бастаманы одан әрі дамытудың саяси, экономикалық аспектілердегі
перспективалық бағыттары қаралды. Коронавирус және оның салдары Орталық
Азия елдері мен Қытайды тезірек жақындастыруы мүмкін. Зерттеу барысында
коронавирустық дағдарыс Қытай экономикасына және оның БЖБ-ға байланысты
бөлігіне қалай әсер етеді; COVID-19 пандемиясы Орталық Азияға, оның
экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайына әсерін; соңғы уақытта аймақтағы
Қытай саясаты қалай өзгергенін сараптау міндеттері қойылды. Бірақ кейбір
жағымсыз салдарға қарамастан, қысқа мерзімді перспективада Орталық Азия
елдерінің Қытаймен одан да жақындасудан басқа амалы жоқ.

Жүктеулер

Жарияланды

25.09.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Майгельдинов, К. ., & Нечаева, Е. . (2021). Пандемиядан кейінгі кезеңдегі Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасының перспективалары (орталық азия елдері мысалында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 136(3), 37–43. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/479