Қазақстандағы діни ахуал: қоғамдық пікірді талдау
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 47
Кілт сөздер:
дін, мемлекет, респондеттер, діни ахуал, мемлекеттік органдар, зайырлылық, діни бірлестіктер, Қазақстан.Аңдатпа
Бүгінгі таңда Қазақстандағы діни ахуал күрделі, әрі үнемі даму үстінде,
өйткені халықтың өсіп келе жатқан діни танымы, шетелдік діни миссиялардың
үгіт-насихат қызметі және қоғам өмірінің діни саласын реттейтін ұлттық
заңнаманың ерекшеліктері әртүрлі жағымды да, жағымсыз да салдарға алып
келеді.
Халықтың діни сауаттылығы деңгейінің төмендігімен, елдің дінге сенушілер мен
атеистік ұстанымдағы азаматтары арасындағы құндылық бағдарларындағы
алшақтығымен, сондай-ақ түрлі конфессиялар пайдаланатын діни идеяларды
тарату тәсілдерінің әртектілігімен байланысты бірқатар мәселелер орын алуда.
Аталған мәселелер халықтың діни бағдарлану деңгейін, түрлі конфессиялар мен
діни ағымдар өкілдері арасындағы қатынастардың жай-күйін, Қазақстандағы
төзімділік пен конфессияаралық келісім деңгейін айқындау үшін діни ахуалға
мониторинг жүргізудің маңыздылығын білдіреді.
Осы орайда, елдегі қалыптасқан діни ахуал өте күрделі, оны реттеп, жүзеге
асырушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі жоғары деген гипотезаны
ұсынып, оны эмпирикалық зерттеу әдістерімен қоғамдық пікірді зерделеп,
нәтижесінде оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметіне оң баға
анықталып, елдегі діни ахуал тұрақты әрі қолайлы екені дәлелденді. Мақалада
Қазақстандағы діни ахуалды зерделеудің кейбір нәтижелері қамтылған.