Қазіргі заманғы корей поэзиясындағы су стихиясы мәселесі
Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 33
Кілт сөздер:
су стихиясы, су формалары, су символикасы, өмірдің қайнар көзі, қауіп-қатер ошағы, «архетип» түсінігі, әлемдегі үйлесімділік пен сұлулық.Аңдатпа
. Мақалада әлемнің көркем картинасындағы су стихиясының ролі, оның корей
поэзиясында алатын орны қарастырылады. Қиыр Шығыс поэзиясындағы, соның ішінде
корей поэзиясындағы табиғат образдарының терең философиялық-нышандық маңызы
бар. Су стихиясы басқа да алғашқы элементтер тәрізді адамзат тіршілігінің ажырамас
бөлігі болып саналады. Су стихиясы жалпы адамзаттың даму тарихында үстем болған
көне бейнелердің бірі. Автор қазіргі заманғы корей ақындарының өлеңдерін талдау
арқылы корей поэзиясындағы су образының ерекшеліктерін ұғынуға талпыныс жасаған.
Корей халқының рухани мәдениетінің сарқылмас көзі болып табылатын корей поэзиясы
сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен де, астарында терең мағына жатқандығын
байқауға болады. Мақалада қазіргі заманғы корей ақындарының өткен замандардағы
классикалық әдеби мұраның жекелеген бөлшектерін – су тақырыбын пайдалана отырып, өздерінің дара әдеби әлемін жасағандығы баяндалған.