Еуразиялық экономикалық одақтағы валюталық реттеу және бақылау институты
Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 25
Кілт сөздер:
валюталық саясат; валюталық реттеу; бақылау; Еуразиялық экономикалық одақ; интеграция; ортақ нарық; синхрондау.Аңдатпа
Гипербәсекелестік пен жаһандық ынтымақтастық жағдайында Еуразиялық экономикалық
одақтың құрылуы посткеңестік елдері интеграциясының ең күрделі кезеңдерінің бірі болып табылады
және мүше мемлекеттердің бірқатар салалардағы ынтымақтастығын белсендіруді болжайды. Бұл ретте
келісілген валюталық саясатқа басым назар аударылады. Валюталық реттеу мен бақылау арқылы ұсынылған ЕАЭО-ның валюталық саясаты сауда-экономикалық қатынастардың дамуына әсер ететін және
оның қатысушыларын ортақ мақсаттарға – тауарлардың (қызметтердің), қаржының және энергия ресурстарының ортақ нарықтары мен жүйелерін қалыптастыруға жақындататын маңызды тетік болып табылады. Мақалада Еуразиялық интеграциялық бірлестік шеңберінде валюталық реттеу мен бақылауды
институцияландыру үдерісі, басым бағыттар мен шектеулер қарастырылады, сондай-ақ осы интеграциялық бірлестік шеңберінде валюталық одақ құру арқылы осы үдерісті жаңғыртудың перспективалы
жолдары ұсынылады.
Талдау үшін ақпарат көзі ретінде Еуразиялық экономикалық комиссияның, статистикалық қызметтердің, ЕАЭО-ға мүше елдердің ірі банктерінің, халықаралық сауда-экономикалық және валюталық ұйымдардың ресми деректері пайдаланылды.
Жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістері негізінде авторлар валюталық реттеу мен бақылауды
институцияландыру процестерін, ЕАЭО-дағы валюталық қатынастардың ерекшеліктерін ашады, ЕАЭО
мемлекеттеріндегі валюталық реттеу және бақылау институтының ерекшеліктері туралы қорытынды
жасайды, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде валюталық интеграция перспективаларының сценарийлік болжамын ұсынады.