Қытайдың Орталық Азиямен жаңа өзара әрекеттестігінің институциаландырылуы
Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 52
Кілт сөздер:
C C5, ғаламдық сын-тегеуріндер, Қытайдың сыртқы саясаты, Қытайдың Орталық Азия дипломатиясы, «тағдыры ортақ жаһандық қауымдастық».Аңдатпа
Берілген мақала Қытай-Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің 2020 және 2021 жылдары орын алған екі отырысы нәтижесінде Қытайдың аталмыш аймаққа арналған жаңа дипломатиясының
мәнін және оның іске асырылуы үшін таңдалған уақытты зерттеуге тырысады. Бұл зерттеудің мақсаты
– Қытайдың Орталық Азия аймағына бағытталған осыған дейінгі және қазіргі саясатын салыстыру. Осылайша, аталмыш зерттеу берілген бағыт бойынша осыған дейін жазылған әдебиетке өз үлесін қосуға
және соңғы Қытай-Орталық Азия дипломатиялық қатынастары бойынша сараптама қамтамасыз етуге
ұмтылады. Мақала алты ел сыртқы істер министрлері отырыстарында сөйленген сөздерді талдауда дискурс сараптау әдісін кеңінен қолданады. Қытай-Орталық Азия қатынастары туралы бірнеше әдебиетке
шолу жасаған соң, бұл зерттеу Қытай Халық Республикасының Орталық Азияға деген саясатының өте
кешенді және көп салалы деңгейге жеткендігін анықтайды. Мақала сыртқы істер министрлері отырысы
механизміне бастаманың берілуі және оның одан әрі институциаландырылуы Қытайдың экономикалық
іс-әрекеттерден гөрі саяси аспектілерге көбірек мән беретін «жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылу» стратегиясының біртіндеп көрініс табуы деп қорытындылайды.