Жапондардың дәстүрлі мәдениетіндегі рухани сабақтастық
Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 12
Кілт сөздер:
Жапония, дәстүрлі мәдениет, эстетика, шай салтанаты, ханами, икэбана, бақша өнері.Аңдатпа
Мақалада жапон дәстүрлі мәдениеті мен эстетикасының жапондықтар өмірінде алатын
орны қарастырылған. Кіріспе бөлімінде автор мәдениет түсінігіне тоқталып, оның анықтамаларына талдау
жасайды. Жапон дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында үш діни-философиялық арна – синтоизм, буддизм
мен конфуцийшілдік үлкен роль атқарады. Дәстүрлі эстетикалық ұстанымның фурюу, моно-но аварэ, ваби-саби және югэн түрлері жапон дәстүрлі мәдениетін түсінуге жол ашады. Ханами, цукими, юкими секілді ғажайыпқа сүйсіну мен көркемдік ойлау жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне назар салынған. Жапон түсінігіндегі
сұлулылық мәні – оның өткіншілігі мен қайталанбауында. Жапондықтардың ойынша, табиғатта көріксіз ештеңе жоқ, бастысы, заттың, құбылыстың сұлулығын көре білуге үйрену қажет. Соның негізінде қалыптасқан
дәстүрлі мәдениет түрлері – шай ішу салтанаты, сакураны тамашалау, икэбана және бақша өнерінің мәні,
тарихы, даму кезеңдері, негізгі ұстанымдары талдауға алынған.