Таң империясының Орта Aзияға жүргізген саясаты


Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

  • С. Хабукен

Кілт сөздер:

Таң империясы, Орта Азия, Араб халифаты, Тибет, саяси үдеріс, тарихи даму

Аңдатпа

Мақалада VII-VIII ғасырлардағы Таң империясының Орта Азияға қарай кеңеюінің себебі, барысы және нәтижесі түрлі қытайлық және батыстық дерек көздері мен зерттеу материалдарына негізделіп талданады. Сонымен бірге Таң мемлекетінің Орта Азиядағы және одан да шалғай елдермен болған саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасына тоқталады. Әсіресе, Таң империясының Орта Азиядағы
үстемдігінің сипатына, ерекшелігіне сараптама жасайды. Қытайдың Таң империясының гүлдену кезіне сәйкес, оның батысында да екі алып мемлекет біртіндеп бас көтерді: оның бірі Тибет үстіртіндегі тарихтағы ең
күшті империя-Тибет мемлекеті болса, енді бірі таяу шығыстағы Араб империясы еді. Бұл екі алып мемлекет
Таң империясымен бірге сол кезеңдегі батыс аймақ тарихының негізгі ойыншысына айналды. Тибеттердің
ойынша Таң патшалығы басқа бейтаныс мемлекеттерге қарағанда ‘мәдениеттігі жоғары, адамдарының санасы ашық, өздерімен тепе-тең түсетін бірден-бір алып, мәдениетті ел болды. Бұл ұлы образ Таң империясының
әскери әлеуеті мен гүлденген мәдениетнің арқасында қалыптасты.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хабукен, С. (2018). Таң империясының Орта Aзияға жүргізген саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 122(1), 100–105. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/334

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар