@article{Бияров_Картаева_2023, title={Ұлы Жібек жолында кездесетін кейбір этнонимдердің этимологиясы}, volume={142}, url={https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/126}, abstractNote={
Мақалада ұлы Жібек жолында кездесетін кейбір этнонимдердің этимологиясы зерттеледі. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ел, ұлыстардың аттарына (этнонимдерге) ішінара этимологиялық талдау жасалады. Жасалған талдаулар сол кездегі
ру-тайпалар туралы мәліметтерден хабардар етеді. Мұндағы этнонимдердің кейбірі
күні бүгінге дейін сақталған, кейбірі басқаша атала бастаған, енді біреулері біздің заманға жете алмағандығы пайымдалады.
Ұлы Жібек жолы көптеген ел, тайпа, ұлыстарды басып өткені тарихтан белгілі. Жібек
жолы бойында орналасқан елдер Жібек жолы арқылы саудасын жүргізіп, енді бірі керуен
жолдарының қауіпсіздігіне жауапты болған.
Авар, Қарлұқ, Құрықан, Қырғыз, Қытай, Он оқ, Соғды, Табғач, Таңғұт, Татар, Түпүт,
Түргеш, Үрүм, Чігіл этнонимдерінің шығу тарихы мен этимологиясы көрсетіліп,
оларға сипаттама беріледі. Кез келген атау, ол – мейлі, топоним болсын, мейлі этноним
болсын, ерекше белгіге қарай қойылатыны белгілі. Әрбір атаудың өзіне тән ерекшелігі
– олардың кәсібіне байланысты болды.
Қытай этнонимі, көптеген басқа этнонимдер сияқты, ол елге сырттан таңылған делінеді. Х-ХІ ғасырларда Солтүстік Қытайды басып алып, Ляо мемлекетін құрған моңғол
тектес қидан тайпасының атынан қалыптасқан этноним деп дәлелдейді. Бұл атаудың
Европа, Ресей жаққа кеңінен тарап кетуіне Қытан/Қидан мемлекетімен сауда-саттық
жасаған көпестердің ықпалы көп болғаны айтылады. Ұлы Жібек жолы осы қытайлар
құпия өндірген жібек маталарын саудалау үшін пайда болғаны тарихтан белгілі. Негізгі
жол Қытай – Орта Азия – Византия – Иран – Европа бағытында жүргенімен, оның
жан-жаққа тараған көптеген тармақтары болғаны қазіргі кезде анықталып отырғаны
мақалада жан-жақты сөз етіледі.
Мақала BR10965370 «Ұлы Жібек жолының топонимиясын ғылымдар тоғысында
зерделеу» атты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мақсатты бағдарламалық жоба аясында жазылды.
}, number={1}, journal={Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы}, author={Бияров, Б.Н. and Картаева, А.М.}, year={2023}, month={Mar.}, pages={293–302} }