«Белдеу мен Жол» бастамасы – Орталық Азия аймағын дамытудың жаңа серпіні
Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 99
Кілт сөздер:
Орталық Азия, ҚХР, «Белдеу мен Жол» бастамасы, Жаһандық жоба, аймақтық интеграция, өңірлік ынтымақтастық, сауда, логистика, сыртқы фактор, инфрақұрылым.Аңдатпа
Мақалада қытайдың «Бір белдеу – бір жол» экономикалық-логистикалық
жаһандық жобасы зерттеледі. Ұзақ мерзімге жоспарланған жоба Орталық Азия
аймағының экономикалық интеграциясына ықпал етуге бағытталған. ҚХР ұсынып
отырған тұжырымдама Қытайдың саяси қатынастарының қандай да болмасын
елдерге қарсы альянс құруды мақсат етпейтіндігін көрсетеді. Жаһандық жоба
экономикалық өзара әрекеттесу тұрғысынан алғанда ашықтықты қамтамасыз
етеді. Қытай бұл бастаманы басқа да тараптардың даму стратегияларымен және оны
аймақтық ынтымақтастық тетіктерімен үйлестіруге дайын екендігін көрсетеді.
Қытай жобасының құрылымдық негізі – барлық қатысушылар жеңіске жететін
ынтымақтастық форматын қолдануда. Тұжырымдаманы экономикалық талдауда
«белдеулер мен жолдар» аймағында орналасқан елдердің бай ресурстарға ие екендігі,
олардың экономикалық базалары бірін-бірі толықтырып және ынтымақтастықтың
дамуына зор әлеуеті мен кеңістіктігі бар екендігі айқындала түседі.
Орталық Азия елдерінің транзиттік әлеуеті зор. Қазақстан Еуразия орталығында
өзінің географиялық орналасуына байланысты жерүсті көлігі арқылы Еуропа –
Қытайды байланыстыра алады. Өзбекстан, Түрікменстан, Ауғаныстан, Ираннан
келетін жүк ағындары үшін ірі логистикалық орталық болуға және жүк тасымалы
транзитінен кіріс алуға мүмкіндік алады.
Бейжің Орталық Азиядағы ықпалын күшейтіп және Оңтүстік-Шығыс Азиядан
Еуропаға жүк ағынын жаба алады. Жобаның қосымша артықшылығы қомақты
қаржылық ресурстарды құюда. Зерттеу барысында автор мега жоба жарияланғаннан
кейінгі он жыл өткен соң «Белдеу мен Жол» жаһандық жобасының экономикалық
тетіктері мен саяси заңдылықтарын анықтауға тырысты.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.